ҚАРА АЛТЫН. 10 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП БАРЛЫҚ КИНОТЕАТРДА

Ресми баспасөзге арналған электрондық пресс-жинақ

ҚАРА АЛТЫН

Арманыңды сатпа!

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Шағын құрылыс кооперативінің қарапайым басшысы Қасым Исағалиев өзіне мүлде таңсық сала – мұнай бизнесін бағындыруға бел буады. Бірақ үлкен ойынның өз ережесі бар.

Күздің басты мотивациялық бизнес драмасы “Қара алтын” – 10 қыркүйектен бастап барлық кинотеатрларда!

Тизер

Фильм тизері

Жүктеу

Фильм туралы

Тақырыбы: Күздің ең басты рухтандырушы туындысы: Нақты оқиғаға негізделген «Қара алтын» бизнес-драмасы 10 қыркүйектен бастап прокатқа шығады.

АЛМАТЫ / АСТАНА — 2026 жылғы күзгі киномаусымның ең күтілетін отандық жобасы — «Қара алтын» көркем фильмі 10 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Шынайы тарихқа негізделген бұл туынды — отандық өндірістің қалыптасу жолындағы ауыр белестерді, миллиардтар айналған қатал бизнес әлемін және адам баласының кез келген соққыға төтеп беретін қайтпас қайсарлығын баяндайды.

Сюжет желісі: Фильмнің бас кейіпкері Қасым Исағалиев — әр қадамын шахмат тақтасындағыдай есептейтін суыққанды әрі интеллектуал кәсіпкер. Көрермен кейіпкермен бірге инвестор іздеу, лицензия алудың қияметтік бюрократиясы және алғашқы бұрғылау жұмыстарының ауыр өндірістік процесіне толық бойлайды. Фильм — тақыр жерден үлкен іс бастап, бәрін жоғалту алдында тұрсаң да, сынбайтын мінез бен адамдық қалыпты қалай сақтап қалуға болатынын көрсетеді.

Фильмнің ерекшелігі мен идеясы: «Қара алтын» — жай ғана өндіріс тарихы емес, көрерменге ерекше жігер беретін, рухты оятатын ауқымды әрі ойлы драма. Фильмнің басты лейтмотиві ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың — халқыңа еңбек қыл» деген адами кодексі алынған. Бас кейіпкердің тағдыры қазақ даласындағы құрылыс алаңынан басталып, әлемдік мәдениеттің орталығы — Лондонның зәулім сахнасына дейін ұласады.

«Бұл — тек мұнай немесе ақша туралы кино емес. Бұл — кез келген сәтсіздіктен кейін қайта тұрып, күресті басынан бастауға күш беретін, адам рухының жеңісі туралы тарих. Біз көрерменге бүгінгі қоғамға ауадай қажет шынайы қайсарлық пен жігерді көрсеткіміз келді», — дейді фильмнің авторлары.

«Қара алтын» фильмі 10 қыркүйектен бастап барлық кинотеатрларда. Сынбайтын мінездің, қайтпас жігердің шынайы драмасын үлкен экраннан жіберіп алмаңыздар.

Актерлер

Актерлік құрам

Қуандық Қыстықбаев

Қуандық Қыстықбаев

Қасым

Фильмография: Сардар, Келін, Өзен

Әділ Ахметов

Әділ Ахметов

Бекзат

Фильмография: Анаға апарар жол, Алдар: Махаббат туралы аңыз

Марат Амираев

Марат Амираев

Құмар

Фильмография: 5:32, Зеро, Пленники

Чингиз Капин

Чингиз Капин

Темірхан

Фильмография: Перекресток, Сасық, Aгент & Irbis, Сны космонавта

Жақсылық Тоқтаухан

Жақсылық Тоқтаухан

Ұларбек

Фильмография: Дебюттік жұмыс

Бақытжан Әлпейісов

Бақытжан Әлпейісов

Жексенбин

Фильмография: Перекресток, Саранча, Әкем екеуміз, Міржақып. Оян, қазақ!, Сасық

Гүлбахрам Байбосынова

Гүлбахрам Байбосынова

Қасымның әйелі

Фильмография: Нурикамал, Қара шаңырақ, Тандау

Інжу Әбеу

Інжу Әбеу

Қымбат

Фильмография: Шегірткелер, ваш выход

Топ

Түсірілім тобы

Мұрат Есжан

Мұрат Есжан

Қоюшы режиссер, сценарист

Фильмография: I’m going to Paris, Міржақып. Оян Қазақ!, Ахмет. Ұлт ұстазы, Абай жолы

Айсәуле Әбілда

Айсәуле Әбілда

Бас продюсер

Фильмография: I’m going to Paris, Міржақып. Оян Қазақ!, Ахмет. Ұлт ұстазы, Абай жолы

Асылхан Мелдебеков

Асылхан Мелдебеков

Қоюшы оператор

Фильмография: Зере, Бизнес по-казахский в Корее, Капитан Байтасов, Хотя бы в кино 1, Мама

Еламан Айнабеков

Еламан Айнабеков

Қоюшы суретші

Фильмография: Міржақып. Оян Қазақ!, Ахмет. Ұлт ұстазы

Райымбек Аман

Райымбек Аман

Монтаж, музыка

Фильмография: Белгісіз батырлар, Жыным сол 2, Міржақып. Оян Қазақ!

Нұргүл Қуанышбайқызы

Нұргүл Қуанышбайқызы

Кастинг директор

Фильмография: Міржақып. Оян Қазақ!, Аяла

Баспасөз

БАҚ біз туралы

Фильм мен өндіріс туралы жарияланған материалдар мен медиа сілтемелер.

EGEMEN QAZAQSTAN

«Қара алтын» – қайсарлық туралы фильм

Әлеуметтік желіден «Қара алтын» деген фильмнің тизерін көріп қалдық. Жаңа дүниеге бірден елең еттік...

Материалды оқу
Juz Media

Күзгі киномаусымның басты премьерасы - «Қара алтын» бизнес-драмасы

«Қара алтын» фильмі – қайтпас қайсарлық пен жасымас жігердің шынайы драмасы...

Материалды оқу
TECHNEWS

«Қара алтын» фильмі 10 қыркүйектен бастап кинотеатрларға шығады

Нақты оқиғаға негізделген бизнес-драма кәсіпкерлік жолындағы тәуекел, өндіріс және адам қайсарлығы туралы баяндайды...

Материалды оқу
Täulık

Нақты оқиғаға негізделген «Қара алтын» бизнес-драмасы 10 қыркүйектен бастап прокатқа шығады

2026 жылғы күзгі киномаусымның ең күтілетін отандық жобасы — «Қара алтын» көркем фильмі 10 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды...

Материалды оқу
inbusiness.kz

Қазақстанда мұнай тақырыбында көркем туынды жарық көреді

Отандық кино мен сериал өндірісінде мұнай тақырыбына қызығушылық артып келеді...

Материалды оқу
bairaq media

«Өзіңді сатпау туралы»: «Оян, қазақ» фильмінің авторлары жаңа жобаларын жария етті

Фильм тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мұнай бизнесін арқау етеді...

Материалды оқу
tiek.kz

«Қара алтын»: «Оян, қазақ» фильмінің авторлары жаңа жобаларын жария етті

“Оян, қазақ” жобасының шығармашылық тобы “Қара алтын” атты драмасын көрермен назарына ұсынбақ. Бұл туралы продюсер Айсәуле Әбілда журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді...

Материалды оқу
Әдебиет порталы

Үш жылдық үзілістен кейін...

«Оян, қазақ!» фильмінен кейін үш жыл бойы жаңа толықметражды жоба ұсынбаған шығармашылық топ көрерменге «Қара алтын» атты мотивациялық драмасын таныстырмақ. Жаңа картина 10 қыркүйектен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Материалды оқу